Тәулігіне 1500 текше метр су тұтынатын халыққа бүгінде небәрі 300 текше метр тіршілік нәрі беріледі. Ал қаланың іргесінде орналасқан 12 мың 500 тұрғыны бар елді мекеннің кей жерлерінде көше жарығы да жоқ.
Ақшұқыр ауылы Ақтаудан небәрі 15 шақырым жерде ғана орналасқан. Бұрын мұнда МАЭК Қазатамөнеркәсіп ауыз су беріп келген. Бүгінде қалаға су жеткізе алмайтын мекеме, биыл бұл елді мекенге де су беруін тоқтатты. Енді 12-мыңнан аса тұрғыны бар тұтас ауыл күніне тек 300 текше метр су беретін шағын су тұщыту қондырғысына қарап отыр. Ауылдықтар суды кестемен алады.
Сағаттап қана берілетін тіршілік нәрі біреудің құдығына жетсе, ендігі біріне жетпейді. Ал аязды күндері құбырдағы су тіптен қатып қалады. Ауылдықтардың ендігі үміті жаңадан салынатын су тұщыту кәсіпорнында.
"Қазір осы коммуналдық қызметте екі су қоймасы бар. 300-300ден 600 текше метрге арналған. Биылға жоспар 2000 текше метрден екі су қоймасын салу. Құжаттары тапсырылды. Қазір қаражат қарастырылып жатыр. Бұйырса осы жылы іске қосамыз жоспарымыз бар", дейді Ақшұқыр ауылы әкімінің орынбасары Айдос Елемесов.
Ақтау су тұщыту зауыты іске қосылса, ауылға су тарту мүмкіндігі молаяды. Ал жарыққа қатысты 1241 учаскеге шамдар орнату басталған болатын. Бүгінде 300-і тұр. Жазға қарай тағы 100 жарық шамы жеткізіледі, дейді ауыл басшысы.