Ауыл тұрғындары ауызсумен қамтылды

1944

Мемлекеттік қаржы есебінен салынған резервуарлар мен су сорғылау станциясының құрылысы өткен жылы тамыз айында басталған болатын. 

Ауыл тұрғындары ауызсумен қамтылды

Қарақия ауданы Сенек ауылында тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ететін су резервуары  пайдалануға берілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қаржы есебінен салынған резервуарлар мен су сорғылау станциясының құрылысы өткен жылы тамыз айында басталған болатын. Ғимарат сорғы, оператор бөлмесі, тұрмыстық және санитарлық орындардан тұрады. Екі резервуардың әрқайсысының көлемі 500 текше метрді құрайды.

"Біз ауыл тұрғындарын ауыз суымен төрт тәулік бойына үзіліссіз қамтамасыз ете аламыз. Су сорғылау станциясында 4 сорғы орналасқан, әрқайсысы сағатына 37 текше метр су айдауға дайын. Су таситын 3 техника бар, сондай-ақ, 12 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз", - деп атап өтті AY-Service LTD ЖШС мердігер мекемесінің директоры Әліп Елубаев.

Бұған дейін ауыл тұрғындары суды тасып ішкен болатын. Ауылда епкі мыңнан астам адам тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу