Ауыл тұрғындары карьерді жабуды талап етуде

606

Атырау іргесіндегі Алғабас ауылының тұрғындары тонналап топырақ алынып жатқан карьердің жабылғанын қалайды. 

Ауыл тұрғындары карьерді жабуды талап етуде Фото: nur.kz

"Ойдым-ойдым жерге төрт-түлік құлап, өліп жатыр" дейді жұрт. Желмен келетін шаңы да қолайсыздық тудыратын көрінеді. 2 жыл бұрын халық шу көтергенде, аумағы 35 гектар болатын карьер жабылған еді. Кеше жұмысы қайта жанданғанын көрген тұрғындар тағы да наразылыққа шықты. Олар,онсыз да Атырау мұнай өңдеу зауыты мен қамыс өртінің ортасында отырғанда, карьерден келетін шаң жығылған үстіне жұдырық болды дейді. 

Карьердегі жұмыстың қайта қызғаны төрт-түлік бағып отырғандарға да кесірін тигізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу