Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.
"Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Биыл 50 ХКҚО-ды жаңартамыз, сондай-ақ ауылдық Қазпошта бөлімшелерінде қызмет көрсетуді ұйымдастыратын боламыз. Яғни, 1915 елдімекеннің тұрғындары қалаға бармай-ақ, өз ауылдарында орналасқан Қазпошта филиалдарынан мемлекеттік қызметтерді алатын болады. Бұл 4 млн-нан астам ауыл адамдарына мемлекеттік қызмет көрсетіледі дегенді білдіреді", - деп атап өтті министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Бұдан басқа ХКҚО қызметкерлерінің жұмысын жақсарту мақсатында жасанды интеллект қолданатын виртуалды робот іске қосылмақ.
"Бұл бізге колл-орталықтардың мәселелерін реттеуге көмектеседі", - деп атап өтті Бағдат Мусин.