Ауыл тұрғындары жайылымдық жерден таршылық көріп отыр

539

Павлодар облысында пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер көлемі 570 мың гектарға жуықтайды.

Ауыл тұрғындары жайылымдық жерден таршылық көріп отыр Фото: livingasia.online

Павлодар облысы Теренкөл ауданына қарасты Воскресенка ауылының тұрғындары мал жаятын жерге зар. Қаншама жыл төрт түлікті өргізіп келген өрістері аяқ асты жекенің меншігі болып шықты. Ауылдың айналасындағы мың гектар жерді жалға алған шаруа қожалығы, төңіректің бәрін жыртып тастаған. Өрісі тарылған бұқара журналистерден көмек сұрады.

Үш жүзден аса халқы бар Павлодар облысындағы Воскересенка ауылындағы жұрттың жан бағып отырған негізгі күнкөрісі  қорадағы малы. Төрт түліктің етін, сүтін тапсырып ас суларын айырып отыр. Алайда кейінгі кезде жайылымдық жерден таршылық көре бастады. Елді мекеннің іргесіне дейін жер телімін жалға алған фермерлер өрісті тарылтып тастаған.

"Міне ауыл, ауылдан бір шақырым міге полялар. Енді біз білмейміз қалай бағуға малды. Малға жайылым жоқ, бәрін жыртып астады осы қиын болып жатыр. Міне, трасса, трассаға болмайды малды айдауға. Малдар міне эжүреді күндікке жайылым жоқ",- дейді Воскресенка ауылының тұрғыны Бейбіт Өмірбаев.

Ауылдықтардың жылда мал өргізіп келген өрістерінің иесі бар болып шықты. Әлдебір шаруашылық оны 2016 жылы жалға алған екен. Әйтсе де, содан бері ол участок пайдаланылмаған. Тек, мемлекет кері қайтарып аламыз, деген соң биыл қимылдай бастаған. Ал, әкімдік болса тұрғындарға ат шаптырым жерден жайылым ұсынып отырған көрінеді.

"Ана жақта 20 шақырым 30 шақырым жердегі егіннің ортасында қалған жайылым жерлерді көрсетеді, сонда барыңдар дейді. Біз онда қалай апарамыз малды. Ауылдың шетін бәрін жыртқалы жатыр",- деді Воскресенка ауылының тұрғыны Манарбек Сәдетхан.

Соңғы екі жылда Воскресенка ауылында пайдаланылмай жатқан 4 мың гектарға жуық жер қайтарылған. Алайда, ол участоктар тұрғындар айтқандай елді мекеннен шалғай. Ал, ауыл маңындағы азғана өріске әлдекімдер өзге ауылдың малын бағады.

"Ондай мәселе бар, проблема бар сол халықпен бірге бірлесіп біз ол мәселені шешеміз.  Қашан шешіледі ол жылда айтылады дейді? Ол жылдағы жергілікті қауымдастықпен өткізілетін жиындар", -деп түсіндірді Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтов.

Аудан әкімі жер телімі иелеріне шаң жуытар емес. Шағын және орта бизнесті тексеруге салынған мараторийді қалқан етіп ұстап алған. Мәселені шешеміз, деп алақан ысқылап қалды. Жалпы, Павлодар облысында пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер көлемі 570 мың гектарға жуықтайды. Бүгінгі күні оның 182 мыңнан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу