Ауыл тұрғындары жасанды интеллектің игілігін қашан көреді?

195

Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауда цифрлық шешімдер қолданылады. 

Ауыл тұрғындары жасанды интеллектің игілігін қашан көреді? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство өкілінен ауыл азаматтары әлеуметтік төлемдерді әлі күнге дейін пошта арқылы қолмен алатынын айтып, бұл мәселеде инновациялық шешімдер қашан қолданылатынын сұрады.

"Қазір цифрлық технологиялар белсенді дамып келеді. Біз өз жұмысымызда жаңа шешімдерді қолданамыз. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаудың құралдары бар. Электрондық үкімет арқылы өтініш беру бұрыннан бар. Сондай-ақ жәрдемақылар проактивті форматта тағайындалады. Азаматтарға өтініш жазып керек емес, жүйе өзі іздеп тауып, оның келісімін алу үшін тиісті хабарлама жібереді. Оң жауап берілген жағдайда жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады", – деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу