Ауыл тұрғындарына 250 млрд теңгенің 50 мың шағын несиесі беріледі

1418

2020 жылы ауыл кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 43,2 млрд теңге қарыз берілді.  

 Ауыл тұрғындарына 250 млрд теңгенің 50 мың шағын несиесі беріледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаеваның айтуынша ауыл шаруашылығы саласындағы жастарға арналған жобаларды іске асыруға гранттар бөлу мүмкіндігін қарастыруда.

"Ауыл кәсіпкерлеріне шағын несие беру жалғасады. 2020 жылы ауыл кәсіпкерлерін қаржыландыруға жалпы сомасы 43,2 млрд теңге болатын 11 мыңнан астам шағын несие берілді. Бұл қаржының 60%-н ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер алды. Жалпы шағын несиелендіру бағдарламасы бір жыл ішінде ауылдарда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Алдағы 5 жылда жалпы сомасы 250 млрд теңге болатын тағы 50 мың шағын несие беру жоспарланып отыр", – деді спикер.

Осылайша Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылға дейін АӨК-тегі еңбек өнімділігін 2,5 есеге, өнім экспортын және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің табысын 2 есеге арттыру, сондай-ақ салаға 4,1 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлауда.

"Бұл қосымша 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу