Ауыл тұрғындарына электронды мемлекеттік қызмет көрсетіледі

608

Байланыс операторларына тең мүмкіндік беріледі.    

Ауыл тұрғындарына электронды мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылды елді мекендерде интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз ету заман талабы екенін алға тартты. 

"Бұл заң ауылды коммуникациялық және байланыс қызметімен қамтамасыз етуге негіз болады. Құжат ауыл азаматтарының электронды мемлекеттік қызмет алуына және онлайн оқуына мүмкіндік береді", – деді Нұрлан Нығматулин.

Заң жобасы қолданысқа берілетін кезде Қазақстан Республикасының 2 кодексі мен 2 заңына өзгеріс пен толықтыру енгізіледі. Құжат байланыс нысандарын салу кезінде жер телімдеріне қатысты рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуды сондай-ақ байланыс операторларының барлығына телекоммуникациялық инфрақұрылымға тең қол жеткізу мүмкіндігін беруді көздейді. 

Белгілі болғандай, жұмыс тобына депутаттар мен комитеттерден 28 ұсыныс келіп түскен. Ұсыныстардың барлығы жұмыс тобының 2 отырысы мен комитеттің кеңейтілген отырысында сарапталған. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу