Ауыл тұрғындарына кооперативтер құруды түсіндіру жұмыстары басталды

848

Ауыл тұрғындарына кооперативтер құруды түсіндіру жұмыстары басталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмаға сәйкес биылғы жылғы ақпанның 1-18-і аралығында еліміздің барлық аймағындағы ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және кооперацияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа механизмдерін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына ауыл азаматтарын ауыл шаруашылығы кооперацияларын кең ауқымда құруға ынталандыру және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда 500 мың ЖҚШ әлеуетін пайдалану бойынша міндеттер қойып отыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Аталған түсіндіру жұмыстарын жоғары деңгейде орындау үшін министрлік қызметкерлері мен ғылыми ұйымдар өкілдерінен құрылған сарапшылар тобы құрылды.
Мұндағы басты міндет – әрбір ауыл азаматын ауыл шаруашылығы кооперациялары негіздері бойынша ақпараттандырып, нақты іске жұмылуына ынталандыру.

Бұдан бөлек, жер жерлерде жүргізілетін сапарлы түсіндіру жұмыстары барысында бұған дейін құрылған кооперативтердің мониторингі жүргізіледі. Яғни, тиісті инфрақұрылымының барлығы мен қайта өңдеуші кәсіпорындармен өзара байланысы, өткізу нарығы мен өзге де мәселелері сарапталады.

Сондай-ақ, осы мақсаттың аясында 8800 080 8010 call-орталығы ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетеді (барлық бағыттардан қоңырау шалу тегін). Аталған номер арқылы ел азаматтары кооперация бойынша өз сауалдарын қойып, қажетті жауаптарын ала алады. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдаудың түрлері, қаржыландыру шаралары, кооперативке бірігудің артықшылықтары туралы кеңінен мағлұмат алады.

Түсіндіру барысы мен кездесулерде көтерілген өзекті және пайдалы ақпараттарды АШМ ресми сайты – mgov.kz пен агробіліктілік орталығының интернет ресурсы – fermers.kz сайтынан табуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу