Ауыл тұрғындарына жеңілдікпен несие алуға болады

1319

Ол үшін  "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бір айлық курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. 

Ауыл тұрғындарына жеңілдікпен несие алуға болады

"Бастау-Бизнес" бойынша білім алған ауыл тұрғындары "Еңбек" бағдарламасы аясында жеңілдікпен несие алуға үміткер бола алады, деп хабарлайды Atameken Business. 

Ол үшін  "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бір айлық курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. Сол арқылы азаматтар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының филиалдарына жүгініп, 6 пайызбен қарыз ресімдеуіне болады. Ал егер өтініш беруші көпбалалы немесе аз қамтылған отбасынан болса, онда жылдық сыйақы мөлшерлемесі 4%-ды құрайды. Мысалы, мал өсіру үшін 6,5 жылға 12 миллион теңгеге дейін алуға болады. Бұл ретте тоғыз ай бойы пайыздар есептелмейді. Ал негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңі 26 айға дейін. Егер қарыз өсімдік шаруашылығын дамытуға рәсімделетін болса, онда ең жоғарғы сома – 6 млн теңге. Мерзімі – 3 жыл. Жеңілдік кезеңі - 12 ай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу