Ауыл тұрғындарынан қарулар тәркіленді

563

Тінту кезінде тіркелмеген бес бірлік қару, оның ішінде ұсақ калибрлі винтовка және төрт тегіс ұңғылы мылтық табылды. 

Ауыл тұрғындарынан қарулар тәркіленді

Жамбылдық полицейлер тіркелмеген қарулар тәркіледі. Бұл туралы "ZhambylNews" AA облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысы ІІД-ге Сарысу ауданы Қамқалы ауылының тұрғыны хабарласып, осы ауылдың тұрғыны - 25 жастағы өзінің көршісі анықталмаған қарудан оқ атып, салдарынан беті мен қолынан бытыралы жарақат алғанын айтып шағымданған. Сондай-ақ, тағы бес адамның зардап шеккені белгілі болды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті Тараз қаласының аумағында ұсталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті Сарысу аудандық сотымен қамауға алынды.

Оның 42 жастағы көршісінің үйіне жүргізілген тінту кезінде тіркелмеген бес бірлік қару, оның ішінде ұсақ калибрлі винтовка және төрт тегіс ұңғылы мылтық табылды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу