Ауыл тұрғыны мал шаруашылығында гидропоника әдісін қолданады

1081

Маңғыстау облысының Дәулет ауылы тұрғыны Ертай Көптілиев 6 жылдан бері мал өсірумен айналысады. Қазіргі уақытта 15 сауынды ешкі мен "Альпі" тұқымды қойы бар. Сондай-ақ және 40-қа жуық тауығы бар.

Ауыл тұрғыны мал шаруашылығында гидропоника әдісін қолданады

"2015 жылы тұңғыш балам дүниеге келді. Оның сүтке аллергиясы болды. Сондықтан балама ешкі сүтін ғана беруді шештім. Ал қазір бұл шаруа менің сүйікті ісіме айналды. Асылтұқымды малды жайылымдағы немесе жаңа шыққан шөппен жемдеу керек. Ізденіп, ғаламторды қарап, гидропоника әдісін таптым. Бұл тәсіл климаты ыстық, құрғақ, қуаңшылық көп болатын аймақтарда қолданылады екен", – деді шаруа. 

Ертай Көптілиев 20 шаршы метрге гидропоника әдісі арқылы 20 келі арпадан шөп өсіреді. Жаңа әдіске арналған нысанды да өз қолымен тұрғызған.  

"Гидропоника дегеніміз – ылғалды мейлінше пайдалану. Ауа температурасы +15 пен +28  аралығында болуы шарт. Шөпке құйылатын судың температурасына да мән беру қажет. Бұл арқылы суды да үнемдеуге болады. Мәселен, мен осыдан шыққан суды бөлек ыдысқа жинап, аула суарамын", – деді ол.

Бүгінде Ертайдың сауынды ешкілері бір отбасын ғана емес, ауыл тұрғындарын да табиғи сүтпен қамтамасыз етіп отыр.                                                                                     

Алмас Қылыш                                                                                                                                                   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу