Ауыл тұрғыны өзіне тиесілі жер учаскесінде каннабис өсірген

439

Жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 742 түп каннабис өсімдігі табылып, тәркіленді.  

Ауыл тұрғыны өзіне тиесілі жер учаскесінде каннабис өсірген Фото: Polisia.kz видеодан алынды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ПБ қызметкерлері Түрген ауылының маңында орналасқан өзіне тиесілі жер учаскесінде тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысатын ер адамға қатысты ақпарат алды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының М. есімді 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жоғарыда аталған жер учаскесін тінту кезінде жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 742 түп каннабис өсімдігі табылып, тәркіленді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу