Ауыл тұрғыны полиция бөлімшесінде қайтыс болды

953

Желіде тараған бейнежазбада марқұмның інісі бөлімшеге ағасын іздеп келгені байқалады.  

Ауыл тұрғыны полиция бөлімшесінде қайтыс болды

Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданының Мақаншы ауылында мал ұрлады деген күдікпен ұсталған 33 жастағы азамат полиция бөлімшесінде қайтыс болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Мұндай фактілер негізі жиі болып тұрады. Бірақ ашық айтылмайды. Бұл тақырып жоғары деңгейде қозғалмайды да. Мамандардың пікірі осыған саяды. Біздің бұл мәселеге үңілуімізге – "тергеушілердің қатысы бар" делінген осы сынды оқыс жәйттердің жиі тіркелуі түрткі болды. Есте болса, (ОКНО) өткен айдың соңында Алматыда Экономикалық тергеу департаментінің ғимаратында тергеліп жатқан азамат бесінші қабаттан секіріп көз жұмған еді. Тергеушілер мұны былай түсіндірді: "алаяқтық бабымен ұсталған 44 жастағы азамат қолына кісен салып қамауға алатын кезде терезеден қарғып кетті" деген. Алайда марқұмның әкесі сенбейді. Оның айтуынша, ұлын бесінші қабаттан лақтырып жіберген. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана істің әділ тергелуін сұрап, президентке үндеу жолдағаны да бар. Осы тұста, заңгер Айсана Сман: "дәлелдер тек заңды түрде алынуы тиіс" дейді. Ал психологиялық не физикалық қысым көрсету арқылы алынған дәйектер заңсыз деп танылады, сондықтан соттар мұндай мәліметтерді назарға алмауы керек. Маман күш көрсеткен құқыққорғаушы "заң алдында жауап беруі тиіс" деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу