Ауыл тұрғыны шұлық шығарып жатыр

Өндіріс туралы сөз қозғалғанда қоғам тарапынан "біз шұлық та шығармаймыз ғой" деген өкпе-ренішті көп байқауға болады. 

Ауыл тұрғыны шұлық шығарып жатыр Фото: Бекбол Қаратай

Бірақ, мұндай стереотипті қызылордалық тұрғын бұзып отыр.

Ол "Ауыл аманаты" ұлттық жобасы аясында 5 миллион грант жеңіп алып, шұлық өндіруді қолға алған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенкүл Аралбаева заманауи шұлық дайындайтын құрылғымен цех жұмысын жандандырып отыр. Мұнда жыл мезгілдеріне арналған шұлықтың бірнеше түрі дайындалып, сатылымға шығарылады.

"2023 жылы ұлттық жоба арқылы жеңілдетілген несие алып, алғашқы кәсібімді бастадым. Ашылғанымызға 2 аптадан асты. Халықтың сұранысы жақсы. Өнімге қажетті шикізат шетелден тапсырыспен келеді. Шағын өндіріс орнымызда тәулігіне 300 дана шұлық шығарып жатырмыз. Өнімдерді ауылдағы және қаладағы дүкендерге өткізудеміз. Мұнымен қоса, "Жаңа базар" аумағынан арнайы орын алып, шұлықтарды көтерме бағамен сатуды жоспарладық", - дейді кәсіпкер.

Өндіріске иек артқан кейіпкеріміз биыл да бағдарлама арқылы несие алып, кәсібін кеңейтуге бел байлап отыр. Егер мақсаты іске асса, үлкен тігін фермасын ашуды армандайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу