Ауыл жастары бір отбасына баспана сыйлады

315

Маңғыстау облысы, Құрық ауылының жастары ізгі істерімен танылып келеді. 

Ауыл жастары бір отбасына баспана сыйлады Фото: М. Жұмасат

Олар рамазан айында жерлестеріне үй алып беруді дәстүрге айналдырған. Қайырымды жастар осы жолы бір ауылдасына үй сыйлап, осы отбасында сырқаттанып жатқан науқастың еміне көмектесті.

Бұл олардың жерлестеріне сыйлаған бесінші баспанасы. Үйдің кілті ауылдағы әлеуметтік жағдайы нашар, ауыр дертке шалдыққан және көп балалы отбасыларға беріліп келеді. Олар өз еңбектерімен тапқан ақшадан бір жыл бойы жинап, жылына бір рет үй алып беруді дұрыс деп санайды.

"Жастар атынан, үй алған отбасы мүшесінің еміне деп жинаған ақшалай қаражатты табыстап, сауығып кетуіне тілектестік білдіргені қандай тамаша! Рамазан мен ауызашардың мәнін терең түсініп, игі іс атқарып жатқан Құрық жастарына да, оларды қолдап, жастармен бірге болған аудан басшыларына да риза болып отырмын. Сіздерде ерекше бір жарасымдылық бар екен. Алла осы берекеден айырмасын, өркендей беріңіздер!" - дейді игі шараға қатысқан жастар.                                                           

Сонымен қатар мейірім мен көмек күткен жандарға қолдау білдіріп, бірлік пен игілікті істерге атсалысқаны үшін ауыл жастарына ризашылығын жеткізген ауыл әкімдігі жаңа қоныс иелеріне тұрмыстық техника сыйға тартты.

Ауыл жастары ұйымдастырған шараның соңы гір тасын көтеру, қол күресі сынды спорттық сайыстарға ұласып, ауызашар дастарханы да жайылды.                                                                                                                                                                           

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу