Ауылда ажырасу 17%-ға көбейген

1180

9 айда 45,2 мың отбасы бүлінді. 

Ауылда ажырасу 17%-ға көбейген

Отбасылық өмірдің  ұйытқысы саналатын ауылдарда ажырасу көрсеткіші 17%-ға артқан. Мұндай жағымсыз жаңалықты Ranking.kz сайты жариялады. Ажырасу көрсеткіші қалада да артқан. Мұндағы "өсім"  – 7%.

Қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстан бойынша 104 мың отбасы құрылыпты. Ал  ажырасу салдарынан 45,2 мың отбасының іргесі сөгілген. Үйлі болғандардың 73,2%-ы қалада неке қиған. Мұндағы өсім –3,1%. Ал ауылда үйлену көрсеткіші 0,5% ғана өскен. Қалаларда 33,1 мың отбасы ажырасса, ауылдарда 12,1 мың жанұяның берекесі бұзылған.  

"Өңірлер арасында 13 мың жаңа отбасы тіркелген Алматы қаласы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Түркістан және Алматы облысы бар.  Алматыда ажырасу көрсеткіші де жоғары. 9 айда 5,5 мың отбасы ажырасқан. Алматы және Қарағанды облыстарында да ажырасу көп тіркелген", – деп жазады Ranking.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу