Ауылда бір адам бірнеше адамның қызметін атқарады – сенатор

693

Қысқарту жұмыс сапасына кері әсер етеді. 

Ауылда бір адам бірнеше адамның қызметін атқарады – сенатор

Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Ольга Перепечина ауылдардағы мемлекеттік қызметшілердің мәселесін көтерді.

Сенатордың сөзінше, ауылдардағы мемлекеттік қызметшілердің санын қысқартуға болмайды.

"Ауылда білікті кадрлар жетіспейді. Бюджеттің төртінші деңгейін енгізу жағдайында ауылдардағы мемлекеттік қызметшілердің аппаратын қысқарту мәселесінде абай болу керек. Себебі онда бір адам бірнеше адамның қызметін атқарады. Қысқарту жүретін болса, жұмыс сапасына кері әсер етеді", – деді Ольга Перепечина.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу