Ауылда болған өрттен ер адам қайтыс болды

947

Өрт 180 шаршы метр жерді алған. 

Ауылда болған өрттен ер адам қайтыс болды

Қостанай облысының Әулиекөл ауданына қарасты Новонежинка кентінде болған өрттен 55 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ТЖ баспасөз қызметі.          

Ведомство мәліметінше, өрт туралы хабар сенбі күні сағат 22.22-де түскен. Өрт жеке тұрғын үйде басталып, кейін үйге жақын орналасқан шаруашылық құрылысын шарпып 180 шаршы метрді алған. Өрт сағат 00.54-те сөндірілген.   

"Өрт болған жерден 1964 жылы туған ер адамның жанған денесі табылды", - деп жазылған таратылған хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу