"Жоба аясында екі бағыт бойынша оқытамыз. Біріншісі – "Жаңадан бастаушыларға арналған бизнес негіздері", екіншісі "Жеке қосалқы шаруашылықтар" деп аталады. Оқыту онлайн режимінде болады. Жобаға ccb.kz сайты арқылы қатысуға болады. Онда әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеялар байқауына өтінімдер қабылдау басталады. Биыл "Coca-Cola Белестері" байқауының жеңімпаздарын 20 грант күтіп тұр, олар ауыл әйелдерінің мерейтойлық 5-форумында табысталады", – деп мәлімдеді "Жасыл" экономика және G-Global дамыту Коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.
Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 50 мыңнан астам әйел білім алған, 97 әйел өзінің алғашқы бизнесін ашуға грант алған.