Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға арналған несиенің түрлері айқындалды

1368

Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға арналған несиенің түрлері айқындалды

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік өнімдер жайлы мәлімдеді.

"Ынтымақ" – ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін қаржыландыруға бағытталған жаңа несиелік өнімдері бекітілді, "Игілік" – ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру, "Бірлік" – сүт қабылдау бекетін құру, "Береке" – отбасылық бордақылау алаңын құру", – деді вице-министр.

Ол ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін микронесиенің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ бір реттік несие көлемін 16 млн теңгеге дейін және несие мерзімін 7 жылға дейін ұзарту жөніндегі ЖҚЖК-2020 бойынша Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілетінін айтты.

"Жоғарыда айтылған іс-шараларға байланысты министрлік әрбір облыста пилоттық жоба жүзеге асырылатын аудандарды айқындау үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Аталған іс-шаралардың талаптарын сай келетін кооперативтер құрылады. Ал келесі ретте сол кооперативтердің тәжірибесі өзге аймақтарда тарату үшін пайдаланылады", – деді Қ. Айтуғанов.

BNews.ks

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу