Ауылда жұмыс істейтін 3,1 мың жас маман баспаналы болады

747

Бұл мақсатқа 25 млрд теңге қарастырылған.

Ауылда жұмыс істейтін 3,1 мың жас маман баспаналы болады Фото: canva.com

Биыл "Дипломмен ауылға" жобасы арқылы 3,1 мыңға жуық маман баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Облыстардың ерекшелігіне сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту бойынша Жол карталары бекітілді. Ауылдық жерге жас мамандарды тарту мақсатында "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша бюджеттік кредит мөлшері 1 500-ден 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды және басқа да іс-шаралар іске асырылды", - деді ведомство басшысы.

Ол "Дипломмен ауылға" жобасы ауылдық жерлерде кадр тапшылығы проблемасын шешу үшін іске асырылып жатқанын айтты.

"Жобаны іске асыру барысында 2009-2023 жылдар аралығында ауылдық жерлерде 105 мыңнан астам маман 20,3 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде 48 мыңнан астамы 160,4 млрд теңге сомасына тұрғын үй алды. Биыл 25 млрд теңге қарастырылған, бұл 3,1 мыңға жуық маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Айта кету керек, осыған дейін ауылдық жерлердегі өзекті мәселелер туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу