Ауылдағы 100 адамның 8-і ғана интернетпен қамтамасыз етілген

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев еліміздің Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында цифрландыру саласындағы проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ауылдағы 100 адамның 8-і ғана интернетпен қамтамасыз етілген Фото: inbusiness.kz

"Дата орталықтары мен серверлер халықаралық стандартқа сәйкес емес немесе мүлде жоқ. Білім және ғылым, денсаулық, әлеуметтік, экономика салаларында кешенді қашықтықтан оқытудың LMS, ERP платформалары толыққанды жұмыс істемейді", - деді депутат.

Сенатор қалалық және ауылдық елді мекендердегі интернетке қол жеткізудегі алшақтық туралы да айтты.

"Елімізде 100 адамның 15-і тұрақты интернетке қосылса, ауылдық жерлерде 100-дің 8-і ғана интернетпен қамтамасыз етілген", - деді сенатор.

Депутат  цифрландыру саласының жай-күйін одан әрі жақсарту үшін сапасыз интернетке бақылауды күшейтуді және айыппұл мөлшерін ұлғайтуды ұсынды.

"Қолданыстағы заңнамаға интернет сапасына қойылатын талаптарды қатаңдату және реттеуші тарапынан айыппұл көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізуіңізді сұраймыз. Біз ірі цифрлық хабтарды салуды, сондай-ақ жоғары деңгейдегі IT кадрларды дайындауды ұсынамыз", - деп түйіндеді сөзін Ғалиасқар Сарыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу