Ауылдағы ағайынға жайылымдық жерлер жетпей жатыр

1142

Бұл мәселе "Нұр-Отан" партиясы Комитетінің отырысында талқыланды.  

Ауылдағы ағайынға жайылымдық жерлер жетпей жатыр

Ауылдағы ағайынға жайылымдық жерлер жетпей жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Мамандардың айтуынша, ішкі нарықтағы сүттің 75 пайызы мен еттің 56 пайызын ауылдағы шуаралар қамтамасыз етеді. Егер мәселе шешілмесе еліміздің азық-түлік саудасына айтарлықтай қауіп төнуі мүмкін. Депутат Нұржан Әшімбетовтың айтуынша, тапшылық Ақтөбеден басқа барлық облыста байқалуда.

Ал ірі шаруа қожалықтарының иелігіндегі жерлер пайдаланбай жатыр. Заңға сәйкес елдімекендердің маңайындағы жайылымдарды ауыл тұрғындарына беруді әкімдіктер шешуі тиіс. Іс жүзінде атқаарушы орган оларды ірі кәсіпкерлерге басқарушылыққа беретін көрінеді.

Еске сала кетейін, елімізде жерді геоботаникалық зерттеулерге жыл сайын 7 млрд теңге бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу