Ауылдағы аялдамаларға күннен қуат алатын шамдар орнатылды

1332

Ауылдағы аялдамаларға күннен қуат алатын шамдар орнатылды

Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданына қарасты Қожамжар және Қараоба ауылдарының шетіндегі аялдамаларға күн энергиясынан қуат алатын жарық шамдар орнатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Ақтоғай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Самат Секеновтің айтуынша, Қараоба ауылының аялдамасындағы жарықтандыру құрылғысы жергілікті "Розен" ЖШС-нің демеушілік қаражатымен орнатылса, Қожамжардағы аялдаманы жарықтандыру үшін ауыл әкімдігінің есепшотынан ақша бөлінген. - Бір аялдамаға жарықтандыру шамын орнату шамамен 200 мың теңге тұрады. Таңнан кешке дейін күн сәулесі арқылы қуат жинап тұрады да, кешке қараңғы түсе бастағанда автоматты түрде жарығы қосылады, - дейді Самат Секенов.

"Ертістен және Ақтоғайдан шыққан автобустар бұл екі ауылға да кірмейді. Аудан орталығына немесе облыс орталығына баратын тұрғындар автобусты ауыл сыртында күтеді. Сондықтан, бұл ауыл тұрғындарына автобус күту кезінде қолайлы болсын деген мақсатпен ауыл әкімдерінің бастамасы бойынша жүзеге асырылып отыр. Әсіресе, күн кеш шығып, ерте бататын қыс мезгілінде пайдасы зор. Бас маманның сөзінше, келешекте осындай игі іске демеушілік жасайтын кәсіпкерлер табылып жатса, ауданға қарасты басқа ауылдардың аялдамаларын да осылай жарықтандыруды көздеп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу