Ауылдағы денсаулық сақтау нысандары интернетсіз "цифрланып" жатыр

1048

Көптеген өңірде ауылдық денсаулық сақтау объектілерін цифрландыру формальді түрде жүргізілуде. 

Ауылдағы денсаулық сақтау нысандары интернетсіз  "цифрланып" жатыр

Алғашқы медициналық көмекті толықтай цифрландыру үшін денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті ақпараттық технология инфрақұрылымымен қамтамасыз ету қажет, дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша компьютерлік техникамен жабдықтау 95 пайызды құраған. Қалалар мен аудан орталықтарында интернет желісі мен медициналық ақпараттық жүйені енгізу 100 пайызға жеткен.

"Алайда, аудандық деңгейден төмен елдімекендердің денсаулық сақтау нысандарында интернет жоқ. Мысалы, Қарағанды (32%), Солтүстік Қазақстан (33%), Түркістан (35%) және Шығыс Қазақстан (35%) облыстарында интернетпен қамту деңгейі 40 пайыздан төмен", – деді Елжан Біртанов Үкімет отырысында.

Министрдің мәліметінше, денсаулық сақтау ұйымдарының 99 пайызында медициналық құжатты қағазсыз жүргізу енгізілген. Ал 2 миллионнан астам адам мобильдік қосымшаны қолдануда.

Цифрландырудың нәтижесінде емханаларға келу 2 есе, ал кезектер саны 60 пайызға қысқарды.

"Өкінішке қарай, көптеген өңірде ауылдық денсаулық сақтау объектілерін цифрландыру жеткіліксіз, формальді түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың соңына дейін барлық денсаулық сақтау объектілерінде жұмысты қағазсыз форматта жүргізуге көшу керек", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу