Ауылдағы оқушылардың 40% ғана қосымша білім алып жүр

1143

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылы ауыл балалары қосымша біліммен 100% қамтылатынын мәлімдеді. Министр қазір ауылдағы оқушылардың 40% ғана қосымша білім алып жүргенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауылдағы оқушылардың 40% ғана қосымша білім алып жүр

"Ауылда қосымша білім беруді дамыту – маңызды мәселе. Қосымша білім беру үйірмелері білім сапасына оң ықпал етеді. 2025 жылы ауыл балаларын қосымша біліммен 100% қамту жоспарланып отыр", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің түсіндіруінше, биылдан бастап қолданысқа алғаш рет балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру механизмі енгізілді. Қаңтар айында осыған қатысты заң қабылданды. 

"Шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын арттыру мақсатында тірек мектеп-ресурстық орталықтар мен интернат желісін кеңейту жоспарланып отыр", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу