Ауылдағы учаскелік полиция кейде мемлекеттік биліктің жалғыз өкілі болады – Алексей Милюк

871

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк учаскелік полиция инспекторларына қандай міндет жүктелгенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауылдағы учаскелік полиция кейде мемлекеттік биліктің жалғыз өкілі болады  – Алексей Милюк

"Олар көші-қон саласындағы құқықтық тәртіпті, жол қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау сынды жұмыстарды қамтиды. Учаскелік полиция инспекторларына қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыру, әкімшілік құқық бұзушылықтың 50-ден астам құрамына өз бетінше жаза қолдану құқы берілген. Олар сотталған адамдардың, отбасылық тирандардың және басқа да маргиналды элементтердің қауіпті санаттарының мінез-құлқы мен өмір салтын бақылайды. Алкогольге тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеуге бастамашылық етеді. Бүгінде наркологиялық есепте осындай 100 мыңға жуық азамат тұр. Өзінің функционалдық міндетіне байланысты учаскелік полиция инспекторлары халықпен тікелей байланыста болады. Бұл учаскелік полиция инспекторларының халыққа қолжетімділігін арттырады. Мысалы  ауылдағы учаскелік полиция инспекторы полицияның, кейде мемлекеттік биліктің жалғыз өкілі болып табылады", – деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу