Ауылдағы жұмыссыздық бақылаусыз урбанизацияға жол ашады – Президент

1282

Қасым-Жомарт Тоқаев ретсіз миграцияның салдары туралы айтты.

Ауылдағы жұмыссыздық бақылаусыз урбанизацияға жол ашады – Президент Фото: Серікжан Қобыланбаев

Мемлекет басшысы "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында коронавирус індеті мен дағдарыстан кейінгі кезеңде ауыл жастарын жұмыспен қамтудың өзекті бола түсетінін айтты. Бұл мәселеге жылдар бойы түбегейлі назар аударылмағандықтан, урбанизация ретсіз жүріп, ірі қалаларда әлеуметтік, саяси қиындықтар туындаған.

"Ең маңызды мәселе – ауылдағы жастарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету. Әйтпесе бақылаусыз миграция мен урбанизацияға ұшырап, соның салдарынан күрделі әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуімізге тура келуі мүмкін. Міне, біз осындай қиыншылықтарды көре бастадық. Әсіресе бұл ірі қалаларда байқалуда. Осы мәселелер мемлекеттік органдардың ұдайы назарында болуы керек", – деді Президент.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу