Қазақстандықтар 19 млн 644 мың адам болса, соның 12 млн-нан астамы қалада шоғырланған. 7 млн 500 мыңы ауылда тұрады.
Шалғайдағы көпшілік Алматы облысына қоныс аударатын көрінеді. Онда көшіп келгендер саны 1 млн 600 мыңға жетіпті. Ал халқы тығыз орналасқан қалалар тізімінде Алматы бірінші орында. Ондағы тұрғын 2 млн.нан асады. Бір жылда 100 мыңға жуық халық қосылып, тұрғыны 1,3 млн.ға жеткен Нұр-Сұлтан тізімде екінші орында. Шымкент халқының саны 1,1 млн адам.
Ішкі көші-қон әсерінен қала халқының саны азайған өңірлер көшін Қарағанды бастап тұр. Бір жыл бұрын қарағандылықтар 1,1 млн. болса, қазір облыс орталығында 921 мың адам тұрады.