Ауылдарда 655 медициналық нысан салу жоспарлануда

32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді. 

Ауылдарда 655 медициналық нысан салу жоспарлануда Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің м.а. Ажар Ғиният айтты. 

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген Ұлттық жоба шеңберінде:
655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісін салу, 

сондай-ақ жарақтандыру, күрделі жөндеу, реконструкциялау жолымен 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту көзделеді. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді спикер. 

Сонымен қатар медицина мамандығының беделін арттыру шеңберінде бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда.

  •  2023 жылдан бастап үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын енгізу.
  •  2023 жылдан бастап резидентураға гранттарды қосымша 70%-ға ұлғайту басталды.
  •  Медициналық жоғары оқу орындарында білім алушыларға стипендияны жыл сайын 15-20%-ға ұлғайту.
  •  Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға арттыру. 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу