Ауылдарда учаскелік инспектор жетіспейді

1269

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде учаскелік инспектор көмекшісі лауазымы енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы министрдің халыққа есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауылдарда учаскелік инспектор жетіспейді

"Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықты болдырмау, оның алдын алу. Бұл жерде учаскелік полиция инспекторларының маңызы зор. Мемлекет басшысы учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру туралы тапсырма берді. Олардың жұмысын тиімді ету үшін құзыретін кеңейтіп, заңға өзгеріс енгізіліп жаты", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Министрдің айтуынша, ауылдарда учаскелік инспектор жетіспейді. Салдарынан кейбір жерлерде 3-4 ауылға бір қызметкер жауапты болады. 

"Мәселені шешу үшін ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, учаскелік пункт саламыз. Өз аумағына жақын болуы үшін ауылдық жерлерде учаскелік пунктер қызметкерлер тұратын үймен бірге салынады. Ал қалаларда тұрғын үй кешендерінде орналасады", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу