Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

1000

2021-2025 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 130 млрд теңге бөлінеді. 

Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

2025 жылға дейін ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысын ынталандыру және құнын арзандату мақсатында мемлекет тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда, оның ішінде азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін жер учаскелерін инженерлік желілермен жабдықтайды.

"2021-2025 жылдары 235 мың жер учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның ішінде облыс орталықтарында, шағын қалаларда – 125 мың жер учаскесі және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесі", - деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бірінші вице-министр бұл мақсатты жүзеге асыру үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 130 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу