Ауылдарда жаттықтырушылар штаты ашылады

720

Олимпиада чемпиондарының 70%-ы ауылдан шыққан.  

Ауылдарда жаттықтырушылар штаты ашылады

Мектеп бағдарламасына ұлттық спорт түрлері бойынша компоненттер енгізілмек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері томитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев онлайн брифингте мәлім етті. 

"Мемлекет басшысы қазіргі заңға бұқаралық спортты дамыту мақсатында өзгерістер енгізуді тапсырды. Сол үшін жұмыс тобы құрылып, бүгінде заң жобасы үкіметте қаралып, мәжіліске жіберілді. Жыл соңына дейін оны мақұлдауымыз керек. Еліміздің сегіз заң жобасына өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде тегін үйірмелер ашу, балалар мен жасөспірімдер клубтарын ашу, елдімекендерде нұсқаушы штатын ашу бар. Барлығымыз білеміз, үлкен спортқа көпшілік ауылдардан келеді. Әлем, Олимпиада чемпиондарының 70%-ы спорттағы жолын ауылдардағы үйірмелерден бастаған. Сондықтан осы нұсқаушылар елдімекендер мен аудан орталықтаныда бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді", – деді ол. 

Бұған қоса, сабақтан тыс жаттығу жұмыстарын жүргізетін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне 100% жалақы төлеу мен мектеп бағдарламасына ұлттық спорт түрлері бойынша компоненттер енгізу мәселесі қарастырылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу