Ауылдарды дамытуға бюджеттен 63 млрд теңге бөлінбек

1031

Қаржы алдағы 5 жылға жоспарланған.

Ауылдарды дамытуға бюджеттен 63 млрд теңге бөлінбек

Қомақты сома елдімекендердің 80 пайызын қалыпқа келтіруге жұмсалмақ. Осылайша, Үкімет шалғайдағы 6 млн ағайынның өмір сүру деңгейін көтеруді көздеп отыр, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қазір 3 жылдық "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы әзірленуде. Жоба әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Ол үшін Ұлттық қордан 17 млрд 500 млн теңге алынады. Ал республикалық бюджеттен шамамен 46 млрд теңге бөлінбек. Биылдың өзінде осы мақсатта 19 млрд теңге шығындалған. Ал былтыр бұл сома 30 млрд теңге болды.

Өткен жылы бір аудан орталығына  орта есеппен 670 млн теңге жұмсалғанын ескерсек, онда 1 мың 800 ауылды жаңартуға шамамен 1 трлн 206 млрд теңге қажет. Ал Сенат депутаттары болса бұл қаржыны бірінші кезекте өңірдегі емханаларды дамытуға жұмсау қажет дейді. Себебі, пандемия тұсында тұрғындар мұндай мүмкіндіктен мүлдем тыс қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу