Ауылдарды тасқын су баспауы үшін өзен арнасы тазартылуда

1219

Су қоймаларынан көп мөлшерде су ағызылуы мүмкін. 

Ауылдарды тасқын су баспауы үшін өзен арнасы тазартылуда

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов қар еруіне байланысты өзен арналарындағы жағдай мен елдімекендерді су басу қаупі жайлы айтты.

"Апта сайынғы болжамға сәйкес, еліміздің барлық аумағында біртіндеп күн жылынады. Алайда наурыз, сәуір айларында бір тәулік ішінде айлық мөлшердегі жауын-шашын түсуі мүмкін. Еліміздің суқоймаларын бақылауда ұстау үшін кезекшілік ұйымдастырылды. Су қоймаларының сиымдылығын сақтау мақсатында кестеге сай су ағызылып отырады. Сондай-ақ қосымша көшпелі бақылау-зарттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жағдайға байланысты ұсыныстар әзірленіп, олардың қалай орындалып жатқаны тексерілуде", - деді Сергей Громов.

Министрлік өкілі су қоймаларынан су ағызған кезде өзеннің төменгі ағысында орналасқан ауылдарды су басу қаупі бар екенін жоққа шығармады.

"Биыл қар көп жауғаны белгілі. Егер ол жылдам ери бастаса су қоймаларынан көп мөлшерде су ағызуға тура келеді. Өзендердің төменгі жағындағы жерлерді су басуы мүмкін. Өйткені өзендердің су өткізу мүмкіндігі төмен. Олардың түбі сазданып, жағасына өсімдік өсіп кеткен. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жеті шақырым өзен арнасын тазалады. Алайда Ақмола облысында бұл жұмыс баяу жүргізілуде. Сол себепті, жергілікті атқарушы органдар елдімекендерді су баспауы үшін, өзендердің су өткізу мүмкіндігін арттыру жұмыстарын жылдам орындауы қажет. Су қоймаларының сыйымдылығын арттыру жөнінде министрлік қабылдаған шаралар өзен арналарының кеңеюімен қатар кешенді түрде жүргізіледі", - деді вице-министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу