Ауылдарға қанша медицина қызметкері қажет екені белгілі болды

343

655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарына 254 медицина қызметкері қажет.

Ауылдарға қанша медицина қызметкері қажет екені белгілі болды Фото: canva.com

 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлерінің тапшылығы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны үшін кадрларға жалпы қажеттілік 254 медицина қызметкерін құрайды, оның ішінде 46 дәрігер және 208 орта медицина қызметкері бар. 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана үшін – 898 медицина қызметкері (486 дәрігер және 412 мейіргер) қажет. 2023 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанына 39 жас маман, көпбейінді аудандық орталық ауруханаға 89 жас маман жұмысқа орналастырылды", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сөзінше, биыл осы бағыт бойынша жұмыс істеу үшін 215 грант иегерін жіберу жоспарланып отыр.

"2024-2025 жылдары "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобаның 2 бағыты мен нысаналы бөлу бойынша және әкімдер гранттарының есебінен бейінді мамандық бойынша 486 дәрігермен және 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілетін болады. Әлеуметтік пакеттер өңір қаражатының есебінен көзделеді. Осы мәселеде әкімдердің қолдауы қажет", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу