Ауылдарға шағын несие беру ісіне микроқаржылық ұйымдар тартылатын болды

814

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екінші деңгейлі банктер ауыл халқымен жұмыс істегісі келмейді. Сол себепті бұл іске микроқаржылық ұйымдарды тарту керек. Қазақстан халқына Жолдауы кезінде Президент жауапты органдарға осындай тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ауылдарға шағын несие беру ісіне микроқаржылық ұйымдар тартылатын болды

"Жалпы көлемі 6,3 трлн теңгені құраған дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесінде экономикада шектен тыс ақша массасы қалыптасты. Бірақ осы қаржы жетпей жатқан салалар бар. Екінші деңгейлі банктер шағын шараларға, әсіресе, ауылдарда ақша салмайды. Сондықтан микроқаржылық ұйымдардың әлеуетін іске қосу қажет. Олар жергілікті орындарда жұмыс істеп жүргендіктен, ондағы клиенттерді, олардың бизнесін, мүмкіндіктерін жақсы біледі. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы мәселе бойынша шешімдер пакетін дайындауы тиіс", - деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу