Ауылдасын пәтер алуға көмектесемін деп алдаған Абай облысының тұрғыны ұсталды

359

Күдікті ауылдасынан 1,4 млн-нан аса ақша алған.

Ауылдасын пәтер алуға көмектесемін деп алдаған Абай облысының тұрғыны ұсталды Фото: Хабар24

Пәтер алуға көмектесемін деген желеумен ауылдасын алдаған Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мамыр айының соңында Үржар ауданының 39 жастағы тұрғыны Семей қаласы Орталық ПБ-ға алаяқтың құрбаны болғанын хабарлап көмекке жүгінген. 

Қолайлы бағамен пәтер сатып алуды жоспарлаған жәбірленуші делдал ретінде көмек көрсетуге уәде берген танысына жүгінген. Өзіне деген сенімге ие болған ол, әйелден 1,4 млн теңгеден астам қаражатты алып, байланысқа шығуды тоқтатқан. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер 32 жастағы ер адамды ұстады. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындаған. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу