Ауылды су тасқынынан қорғау үшін Нұра өзенінің ағысы өзгертіледі

1298

Ауылды су тасқынынан қорғау үшін Нұра өзенінің ағысы өзгертіледі

Қарағанды облысында 2018 жылы су тасқындарының алдын алу үшін дайындық шаралары басталды.  Бүгінгі жиында Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин атындағы ауылын инженерлік қорғау шаралары талқыланды, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.

Отырыс барысында өңір басшысының орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Бұқар жырау ауданының әкіміне тасырмалар берді.

"Республикалық маңызы бар Қызылорда-Павлодар тас жолының осы аудан арқылы өтетін көлік көпіріндегі Нұра өзенінің ағысын Самарқанд су қоймасына бағыттау қажет. Сол арқылы су тасқынының алдын аламыз",- дейді облыстық ТЖД-лер. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолағының орнына көлік көпірін құру мәселесі де талқыланды. Ғ.Мұстафин атындағы ауыл жағынан өзен арнасын түзеу жоспарлануда. Бұл су тасқыны қауіпін азайтуға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу