Ауылды сумен жабдықтауға жыл сайын 100 млрд теңге бөлінеді

808

Құны 113,6 млрд теңгені құрайтын 303 жоба іске асырылып жатыр.

Ауылды сумен жабдықтауға жыл сайын 100 млрд теңге бөлінеді

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6% жеткенін жариялады. 

"Елімізде 2000 жылдан бастап халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді. 20 жыл ішінде "Ауыз су", "Ақ бұлақ", "Өңірлерді дамыту", "Нұрлы жол" бағдарламалары аясында 48,2 мың шақырым инженерлік желі салынды. Нәтижесінде халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6% жетті. Биыл 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруға кірістік. Осы бағдарлама аясында 2025 жылға қарай ел халқын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету міндеті тұр", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің мәлімдеуінше, ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жыл сайын кемінде 100 млрд теңге қаражат бөлінеді. 

"Биыл қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға республикалық бюджеттен 113,6 млрд теңге бөлінді. Қазір 303 жоба іске асырылып жатыр", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу