Ауылды жерде індет ошақтары байқалды – Елжан Біртанов

1299

"Коронавирустың күн сайынғы өршу қарқыны – 30 пайыз".

Ауылды жерде індет ошақтары байқалды – Елжан Біртанов

Елорда мен Алматыда карантиндік шектеулер нәтижесін бере бастады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кезекті тікелей эфирде осындай мәлімет берді.

"Соңғы күндері енгізілген карантиндік шектеулер өте жақсы әсер етіп жатыр. Бірақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан басқа өңірлерде індеттің өсу қарқыны байқалады. Карантиндік шаралар қайтсе де өз нәтижесін беріп жатыр. Күн сайынғы өсім қарқыны  30 пайыз көлемінде. Бұл ел бойынша ахуал бақылауда екенін көрсетеді. Бірақ  өңірлер арасында айырмашылықтар бар.  Қазір біз ауылды жерлерде өршу мен ошақтарды байқалғанына назар аударғым келеді.  Сондықтан қазір жергілікті атқарушы органдар үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Облыс әкімдері  мен денсаулық сақтау басқарламалары  ауылды жердегі ошақтарды жоюға күш салуда. Осыған байланысты, азаматтарға  карантиндік шаралардың тиімділігі бар екенін, оны сақтау эпидемияның тоқтауына жалғыз кепілдік екенін ескерткім келеді", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу