Ауылды жерлердегі құрылыс секторының хал-ахуалы қандай?

405

Өңірлер арасында салынып біткен тұрғын үйлердің ауданы бойынша Алматы облысы көш бастап тұр.

Ауылды жерлердегі құрылыс секторының хал-ахуалы қандай? Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР ауылдарында жалпы сомасы 304,1 млрд теңгеге 12 184 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 12 020 – жеке үйлер, 146 – көп пәтерлі үйлер, қалған 18-і – жатақхана.

Ауылды жерлерде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2,2 млн шаршы метрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға артық. Оның ішінде 2,1 млн м2 жекеменшік үлесінде (оның 2 млн м2 тұрғындардың күшімен салынған).

Өңірлер арасында салынып біткен тұрғын үйлердің ауданы бойынша Алматы облысы көш бастап тұр – 557,3 мың м2. Одан кейінгі орындарда Түркістан облысы (273,7 мың м2) мен Қызылорда облысы (271,2 мың м2).

Өсу қарқыны бойынша Ұлытау облысы алға шықты, онда өткен жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда салынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 52,8% ұлғайды. Керісінше, баяу қарқын Қарағанды облысында байқалды – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,6% аз.

Сонымен қатар биылғы 8 айда ауылды жерлерде 40 білім және денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 17 орта мектеп – 4,5 мың орындық, мектепке дейінгі 14 мекеме – 1,1 мың орындық және 9 дәрігерлік амбулатория.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу