Ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бөлінді

917

"Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 480 ауылды дамытуға бөлінген 106 млрд теңгенің 96%-ы игерілді. 

Ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бөлінді

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осылай есеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінде кейбір өңірлерде аяқталған жобалардың үлгісі бар. Мәселен, Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды", –  деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, Павлодар облысының Қызылжар ауылында 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қызылорда облысында Жалағаш ауылындағы жолдарға жөндеу жұмысы жүргізілді. Жамбыл облысы Айша-бибі ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтті. 

"2019-2021 жылдары мемлекеттік бағдарламалар бойынша және жеке инвестиция есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бөлінді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу