Ауылдық елді мекендерде медицина қалай дамитыны белгілі болды

304

Бұл бағытта пилоттық жоба қолға алынған. 

Ауылдық елді мекендерде медицина қалай дамитыны белгілі болды Фото: freepik

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру барысын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның шеңберінде 3 міндет қаралған. Бірінші – 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын (257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория) салуды қамтитын ұйымдармен қамтамасыз ету. Екінші – жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды жарақтандыру арқылы 32 заманауи ауданаралық көпбейінді орталық аурухананы ұйымдастыруды қамтитын ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру", - деді ведомство басшысы.

Үшінші міндет – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету. Сөзінше, 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр.

"Бірыңғай жобалаушы жергілікті атқарушы органдар қайта қолдану үшін өңірлердің климаттық және сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып, нысандардың 3 түрі бойынша (медициналық пункт, ФАП, дәрігерлік амбулаториялар) 16 эталондық жобаны әзірледі. Оның ішінде Ақмола – 3, Алматы – 3, Жамбыл – 3, БҚО – 3, Түркістан – 3 және Қарағанды облыстары – 1 (200 адамға дейін медициналық пункт). Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің барлық нысандарында компьютерлік техникасы бар телемедицина кабинеттері көзделген", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу