Ауылдық округтерге бюджетін кеңейтуге мол мүмкіндік беріліп отыр

Бұл жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған.   

Ауылдық округтерге бюджетін кеңейтуге мол мүмкіндік беріліп отыр Фото: turaninfo.kz

Мәжіліс екінші оқылымда Парламент депутаттары бастамашы болған Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұғымдық аппарат нақтыланады, жергілікті қоғамдастықтардың жиындары мен жиналыстарын өткізу тәртібі реттеледі. Сондай-ақ, мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыру шараларының аясында депутаттардың өкілеттіктері, жауапкершілік шаралары және әлеуметтік кепілдіктері нақтыланады. 

– Құжатта мәслихат аппараты басшысын тағайындау және қызметтен босату тәртібі айқындалып, оның өкілеттіктері бекітіледі. Бұл ретте мәслихат төрағасын қайта сайлау мүмкіндігі екі мерзіммен шектеледі. Қосымша қабылданған норма шеңберінде кірістердің бір бөлігі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің деңгейіне беріледі. Оларға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық, тіркеу орны бойынша жекелеген қызмет түрлері үшін лицензиялық алымдар, айыппұлдар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да өндіріп алулар жатады, – деп жазды ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми парақшасы. 

Десе де, мұнай секторынан түсетін түсімдер бұған жатпайды. 

Сонымен қатар, заң аясында "Дипломмен – ауылға" бағдарламасына қатысушылардың тізімі кеңейтіліп, оған цифрлық технологиялар және мұрағат ісі саласындағы мамандар қосылды. Басқа түзетулер мемлекеттік емес субъектілердің сот-сараптама қызметіне қатысуын жүйелеуге, мемлекеттік міндеттемелерді орындай отырып, EPC+F құралын қолдануды кеңейтуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу