Ауылдық жерде жұмыс істейтіндерді қатты қуантатын жаңалық жарияланды

Бұл азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне тікелей қатысты. 

Ауылдық жерде жұмыс істейтіндерді қатты қуантатын жаңалық жарияланды Фото: qaz-media.kz

Үкіметтің қаулы жобасы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ауылдық елдімекен санатынан қайта құрылған Алатау қаласының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға лауазымдық айлықақыдан 25% мөлшерінде уақытша белгіленген ауылдық қосымша ақыларды тағы бір жылға сақтау, – деп көрсетілген жобаның мақсаты құжатта.

Яғни, бұл өзгеріс Алатау қаласына арналады.

Айта кетейік, Алматы облысы, Іле ауданындағы Жетіген ауылы 2024 жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу