Ауылдық жерлерде 1345 маманға қажеттілік бар

875

Мектептердегі спорт залдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасалады. 

Ауылдық жерлерде 1345 маманға қажеттілік бар

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ауылдық жерлерде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жетіспейтінін айтты. 

"Бүгінгі таңда ауылдық жерлерде 1 345 маманға қажеттілік бар. Бұл шара әсіресе ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша халықты спортқа баулу үшін мектептердегі спорт залдарды кеңінен пайдалану жоспарланған. 

"Кешенді жоспарда өңірлік спорт басқармалары мен білім беру басқармалары халықтың барлық жас санаттарының спорт секцияларына қатысу мүмкіндігін көздеп, жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасау ескерілген. Бүгінде елімізде 5 428 жалпы білім беретін мектепте спорт залдар бар. Ең төменгі есептеулер бойынша онда 20-ға жуық адам, орташа есеппен 1,5 сағаттан қосымша шұғылдана алады. Бұл жалпы алғанда 100 мыңнан астам адамды құрайды", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Фото: penzainform.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу