Ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

1031

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев алдағы 4 жылда "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 3,5 мың ауылды дамытуға 670 млрд теңге жұмсалатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Әсет Ерғалиев 2025 жылға дейін ауылдарды өркениет көшіне қосуға 1,3 трлн теңге бөлінетінін, оның 670 млрд теңгесі "Ауыл – ел бесігі" жобасын жүзеге асыруға қарастырылатынын баяндады. 

"2025 жылға дейін даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл қамтылады. Онда ауыл тұрғындарының 90%-дан астамы тұратын болады. Жалпы ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі кешенді тәсіл 2025 жылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын едәуір арттыруға мүмкіндік береді", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, 2025 жылға дейін ауыл халқы сумен жабдықтау қызметімен 100% қамтылады. 

"Аыл тұрғындары жылдамдығы жоғаы интернетке қол жеткізеді. Ауылдық жерлерде 24 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жергілікті маңызы бар жолдардың 95%-ы жақсы жағдайда болады. 12 мың шақырым инженерлік желі салынады және жаңғыртылады", – деді Әсет Ерғалиев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу