Ауылдық жерлерде тіркелген интернет абоненттерінің саны 0,8%-ға азайды

2021 жылы олардың саны 627,9 мың адамды құраса, 2022 жылы 623,1 мың болды.

Ауылдық жерлерде тіркелген интернет абоненттерінің саны 0,8%-ға азайды Фото: telecom.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ауылдық жерлерде тіркелген интернет абоненттерінің саны соңғы 12 айда 0,8%-ға азайды.

Өткен жылмен салыстырғанда 100 адамға шаққандағы абоненттердің тығыздығы 8 адамды құрады.

Аймақтар 100 адамға шаққандағы жазылушылар тығыздығы бойынша көшбасшы:

Солтүстік Қазақстан - 17 адам;
Ақмола – 16 адам;
Қостанай – 14 адам.

Келесі аймақтарда көрсеткіш керісінше  төмен:

Түркістан – 3 адам;
Маңғыстау – 4 адам;
Жамбыл – 5 адам.

Айта кету керек, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстары да республика бойынша тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы ең төмен өңірлер саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу